«Мектеп – ата – ана – бала: бірлескен тәрбие алаңы» тақырыбында мектебімізде бастауыш буын оқушыларының ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – бастауыш сыныпты аяқтаушы оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін ашу, олардың білімге деген құштарлығын сақтай отырып, орта буынға сенімді қадам жасауына қолдау көрсету.
Сонымен қатар, мұғалім, ата-ана және оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мектептегі рухани-мәдени ортаны жандандыру көзделді.
Ашық есік күні «Мектеп білім береді, ата-ана тәрбие береді, ал бала – сол еңбектің айнасы» қағидаты аясында мазмұнды әрі жүйелі түрде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында:
- 4-сынып оқушылары қонақтарды қарсы алып, шағын концерттік бағдарлама ұсынды;
- «Жас зерттеушілер» ғылыми алаңында оқушылар өз жобаларын қорғап, «Огород на окне», өсімдіктерді көбейту, жұлдызқұрттың көбелекке айналу үдерісі, жасанды интеллект, Scratch бағдарламасында ойын құрастыру бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарын таныстырды;
- Ата-аналарға арналған педагогикалық-психологиялық қолдау аясында «Жизненные ценности», «Ұлттық тәрбие – мектеп пен мәдениеттің алтын көпірі», «Мектеп пен мәдениет: тұлға қалыптасты


KZ
