Skip to content

«Жат қылықтың алдын алу» тақырыбында мамандармен кездесу өтті

Мектебіміздің 9–11 сынып оқушылары арасында «Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жат қылықтың алдын алу» (нашақорлық, лудомания, құқықбұзушылықтың алдын алу) тақырыбында мектебімізе кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Түпқараған ауданы ПБ ҚҚб КТІЖ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Кдыров Азамат Ерболұлы және орталық емхана дәрігері, психиатр-нарколог Аманова Ақілгек Арқабайқызы арнайы шақырылды.

Мамандар жастармен ашық әңгіме жүргізіп, зиянды әдеттердің денсаулыққа, психологияға және қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы түсіндірді. Сондай-ақ, құқықбұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік және өз болашағына саналы қарау мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Кездесу соңында оқушылар мамандарға өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.