Skip to content

Адал азамат


Бүгін 1-сынып оқушыларына «Адалдық дүкені» жобасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сынып жетекшілері оқушыларға адалдық дүкенінің ұстанымы, өзін-өзі қызмет көрсету қағидаты және дүкеннің жұмыс тәртібі жөнінде түсіндірді.

Оқушыларға тауарды өздері таңдап, тиісті төлемді арнайы жәшікке салу арқылы адалдықты іс жүзінде көрсетудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, адал болу, жауапкершілікпен әрекет ету және сенімді ақтау сияқты адамгершілік құндылықтары туралы әңгіме өткізілді.


Бүгін 6-сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар тақырыпқа сай мазмұнды плакаттар дайындап, сыбайлас жемқорлық жөніндегі өз ой-пікірлерін білдірді.

Шара оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және әділдік, адалдық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына “Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай ауылдық кітапханада ұйымдастырылған “Батырға құрмет – ұрпаққа міндет” атты танымдық сағаты жоғары деңгейде өтті. Шара барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы түсіндіріліп, батырларымыздың ерлігі насихатталды.
Түпқараған Баутин ауылдық кітапханасының кітапханашысы Муналова Күлән ұйымдастырған бұл тағылымды шара жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді сіңіруге зор үлес қосты.
Оқушылар батырларға арналған өлең жолдарын оқып, өз ойларымен бөлісті.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы кейінгі ұрпақ батыр бабалар ерлігін ұмытпай, елін сүюге тәрбиеленеді.