Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға сталкинг ұғымының мәнін, оның түрлерін, салдарын және құқықтық жауапкершілігін түсіндіру, сондай-ақ жеке шекараны құрметтеу, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында сталкингтің:
• онлайн және офлайн түрлері;
• психологиялық және әлеуметтік зардаптары;
• жәбірленушіге тигізетін әсері;
• мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларға нақты өмірлік жағдаяттар ұсынылып, талқылау жүргізілді. Заң талаптары мен жасөспірімдер арасындағы жауапкершілік мәселесіне ерекше назар аударылды. Балалар өз ойларын еркін білдіріп, сұрақтар қойып, белсенді қатысу танытты.
Іс-шараның қорытындысында оқушылар құрдастарымен қарым-қатынаста әдептілік сақтау, жеке өмірге қол сұқпау, кез келген зорлық-зомбылық түріне жол бермеу керектігі жөнінде маңызды мағлұмат алды.
Тәрбие сағаты жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға оң ықпал етті.
KZ

