Skip to content

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, Жоламан Тұржанұлы бастаған азаматтарымыз мектеп ұжымындағы аяулы ұстаздар мен қызметкерлерді ерекше ықыласпен құттықтады.

Ер-азаматтарымыз таң ертеңнен жылы лебіздерін білдіріп, көктемнің символындай құлпырған гүл шоқтарын тарту етті. Бұл тосынсый әрбір нәзік жандының жүзіне күлкі ұялатып, көңілдерін нұрландырды.

⚜️“Әйел — әлемнің нұры, шаңырақтың берекесі. Сіздердің еңбектеріңіз бен мейірімдеріңіз мектебіміздің ажарын кіргізіп тұр,” — деп ақжарма тілегін білдірді Жоламан Тұржанұлы.