Бүгін Қазақ тілі мен әдебиеті, Тарих пәндері апталығының ашылуына байланысты “Хәкім мұрасы” тақырыбында мұғалімдер арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1. «Асыл сөз» — тақырып пен ұпай таңдау арқылы Абайтанулық білім сыналады.
2. «Жидебай жұмбағы» — жасырылған сөзді дұрыстап ашу арқылы хәкім мұрасына қатысты басты құпия шешіледі.
3. «Ұлы Абай ізімен» — өмірлік жағдаяттарға Абайша ой қосып, даналықпен жауап беру кезеңі.
Хакім мұрасынан нәр алған ой додасына мұғалімдер атсалысып, білім мен өмірлік жағдаяттық сұрақ-жауаптармен де бөлісті.
KZ
