Skip to content

16 наурыз -Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Бүгін мектебімізде ұлттық рух асқақтап, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыз жаңғырды.

Наурызнама онкүндігі аясында өткен шарамыз нағыз этно-ауылдың атмосферасын сыйлады.

🧶 Көненің көзі, асылдың сынығы болған апаларымыз бен шебер мамандарымыз мектеп төрінде ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді тірілтті: жүн түту мен жіп иірудің, бау тоқу мен кесте тігудің жолдарын көрсетті.

Шара барысында күмбірлеген күй төгіліп, құлақтың құрышын қандырар жырдан шашу шашылды. Өнерлі оқушыларымыз бен ұстаздарымыз қазақтың қара домбырасын сөйлетіп, кештің сәнін кіргізді.

Дәстүрін дәріптеген елдің болашағы жарқын болғай. Ұлттық құндылықтарымызды бірге сақтайық.

https://www.facebook.com/share/r/1BiRX6PF5C/