Кітап — рухани сарқылмас қазына. Қазіргі уақытта бүлдіршіндерге, жасөспірімдерге кітап оқуға толық мүмкіншілік бар. Бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады.
Кітапхананың міндеті — оқушыға кітап оқыту. Көктемгі каникул кезінде «Кітаппен келген көктем» тақырыбы бойынша 4″А”, 4″Б”, 4″В” сынып оқушылары кітап оқып, қысқаша мазмұнын видеоролик арқылы айтып берді.
Мектеп кітапханашысы Г.Тәуірханқызы оқушыларды кітап оқуға, өз ойларын еркін айта алуға үйрету мақсатында бала жасына сай түрлі кітаптарды қызықтырып, үнемі жақын қарым-қатынас орнатады.
KZ
