Skip to content

Жиналыс

9–10 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен маңызды жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында мектеп психологы Светлана Қошмұратқызы емтиханға дайындық кезеңінде оқушылар мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру және өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.

Бейіндік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Шұғыла Қойбағарқызы «Қорытынды аттестаттауға дайындық: ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы» тақырыбында баяндама жасап, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі өзгерістер туралы ата-аналарға жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, мектеп профориентологы Айгерим Аманбаевна оқушылардың мамандыққа бейімділігі, «Жарқын болашақ» бағдарламасы және колледждер туралы мәлімет ұсынып, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар берді.

Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, кері байланыс орнатылды.

Осындай кездесулер мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың жарқын болашағына бірге қадам жасауға мүмкіндік береді.