9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай 7-сынып оқушылары арасында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша танымдық кездесу өткізілді.
Тағылымды шара барысында оқушылар шығарма мазмұнын талдап, батырдың өмірі мен өнегелі сөздері жайында ой бөлісті. Кездесу оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, Отанға деген сүйіспеншілікке, ерлік пен елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталды.
Шара соңында белсене қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды.
Шара ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Казиева Алмагүл Балшыбаевна


KZ
