Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, ата-аналар және әріптестер!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен бірліктің жарқын мерекесі.
Ұлы Жеңіс – бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымыздың өлшеусіз жанқиярлығы мен қайсар рухының айғағы. Олардың Отан үшін жасаған ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Ардагерлеріміздің өнегелі жолы – жас буынға патриоттық тәрбие берудің ең асыл үлгісі. Бүгінгі бейбіт өмір мен тыныш заман – сол кісілердің ерлігі мен табандылығының жемісі.
Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға амандық, бақ-береке және бейбіт өмір тілеймін!
Еліміз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Құрметпен,
А.М.Горький атындағы мектеп-лицей директоры
Ниязбаева Жарасхан Жанкейқызы

KZ
