Skip to content

“Жебенің жылдамдығы, мергеннің сабырлығы” атты садақ ату сайысы өткізілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай мектебімізде 9-10 сынып оқушылары және Жас мамандар арасында «Жебенің жылдамдығы, мергеннің сабырлығы» атты садақ ату сайысы өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру, мергендік қабілетін шыңдау, ептілік пен сабырлылыққа тәрбиелеу болды. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің дәлдігін, шапшаңдығы мен төзімділігін көрсетіп, ерекше белсенділік танытты.
Ұлттық рухты дәріптеген тартысты дода оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, достық пен ұйымшылдықты нығайтты.
Шараны ұйымдастырып, өткізген АӘД пәні мұғалімі Таспаев Жоламан Тұржанұлы