Skip to content

«Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелеріне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, әскери қызметтің маңызын түсіндіру, патриоттық рух қалыптастыру.
Кездесу барысында оқушылар әскери өмірмен танысып, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын ұғынды. Сонымен қатар, әскери құрал-жабдықтар көрсетіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Жас шекарашылар белсенділік танытып, ел қорғау жолындағы азаматтық борыш туралы маңызды мағлұматтар алды.
Осындай тағылымы мол шаралар өскелең ұрпақтың елжандылық қасиетін нығайтып, болашаққа деген сенімін арттыра түседі.