Skip to content

Абайша ойлану — адамдықтың биігіне ұмтылу, жүрек пен ақылдың теңдігін табу.

Бүгін Қазақ тілі мен әдебиеті, Тарих пәндері апталығының ашылуына байланысты “Хәкім мұрасы” тақырыбында мұғалімдер арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.

⚜️Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

1. «Асыл сөз» — тақырып пен ұпай таңдау арқылы Абайтанулық білім сыналады.

2. «Жидебай жұмбағы» — жасырылған сөзді дұрыстап ашу арқылы хәкім мұрасына қатысты басты құпия шешіледі.

3. «Ұлы Абай ізімен» — өмірлік жағдаяттарға Абайша ой қосып, даналықпен жауап беру кезеңі.

⚜️Хакім мұрасынан нәр алған ой додасына мұғалімдер атсалысып, білім мен өмірлік жағдаяттық сұрақ-жауаптармен де бөлісті.