Амал келді, жыл келді…
Қыстан аман, жаздан сау,
Қауышқан күн, ағайын!
Ақ тілекпен қарсы алып,
Амал күнін саялайын.
«Бір жасыңыз құтты болсын!»
Ең жылы сөз бүгінгі,
Аққа толып дастархан,
Толтырсын шаттық көңілді.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңыздан бақ-береке,
ел-жұртымыздан тыныштық кетпесін!
KZ

