Skip to content

Ана – гүл, Ана – өмір шырағы!

Көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде ерекше жылылыққа толы мерекелік концерт өтті.

Қазақ тілі мен Тарих пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен бұл шара нәзік жанды әріптестерімізге арналды.

💐Шараға 11-сынып оқушылары белсене атсалысып, сахна төрінде ән мен биден шашу шашты. Оқушылардың өнері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

💐Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, білім ордасының дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, арнайы марапаттар табыстады.

💐Мереке аясында Кәсіподақ ұйымы тарапынан мұғалімдер мен қызметкерлерге мерекелік сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді.

Кеш барысында Қазақ тілі мен Тарих пәндері бірлестігінен құралған ұстаздар тобы музыкалық аспаптарда өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.