БІЛІМ КІЛТІ – КІТАПТА!
2 сәуір – Балалар кітабының халықаралық күніне орай, 4 «В» сынып оқушыларымен ерекше форматта «тәтті викторина» өтті.
Оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, әдеби кейіпкерлерді танып, түрлі ойындарға белсене қатысты. Дұрыс жауаптар тәтті сыйлықтармен бағаланып, балалардың қызығушылығы арта түсті.
Шараның мақсаты – кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, білімнің кілті кітапта екенін ұғындыру және оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шараны ұйымдастырушы: мектеп кітапханашысы Г.Тәуірханқызы


KZ
