Мектеп кітапханасында 8 «В» және 8 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен мектеп кітапханашысы Қанжан Гүлшара «Бір кітап – бір әлем» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және оқушылардың мәдени, танымдық деңгейін дамыту.
Көрме барысында оқушылар түрлі көркем әдебиеттермен танысып, кітаптың құндылығы мен маңызын тереңірек түсінді.

KZ
