Skip to content

Бүгін мектебімізде бітіруші сынып оқушыларының арасында ана тіліміз бен ұлттық әдебиетімізді дәріптеу мақсатында «Қазақша quiz: Тіл & Әдебиет» атты зияткерлік ойын өтті.

Ойын барысында оқушылар тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар жылдамдықтары мен тапқырлықтарын да сынға салды.

⚜️Сайыс қызықты 4 кезеңнен құралды:

1. «Оңай» кезеңі: Қатысушылар базалық білімдерін жаңғыртып, жеңіл сұрақтарға жауап беру арқылы бойларын қыздырды.

2. «Үш әріпті сұрақтар»: Логика мен зейінді талап ететін, жауаптарда қатар келетін үш әріптен тұратын ерекше форматтағы тапсырмалар орындалды.

3. «Тәуекел» кезеңі: Бұл бөлімде оқушылар өз ұпайларын бәске тіге отырып, күрделі сұрақтарға жауап берді.

4. «Медиа сұрақтар»: Бейнебаян, аудио-үнтаспа және фильмдер арқылы қойылған сұрақтар сайыстың көркін қыздырып, заманауи бағытта өтуіне ықпал етті.

⚜️Сайыс соңында 11-сынып оқушылары тіл білімі мен әдебиет теориясы бойынша жоғары дайындықтарын көрсетті. Достық пен білім салтанат құрған бұл кеш оқушылардың интеллектуалдық қабілетін арттыра түсті.

Нәтижесі:

1-орын: 11 “А”-сыныбы

2-орын: 11 “Б”-сыныбы

3-орын: 11 “В”-сыныбы

Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Иванқызы Шұғыла