М.Ғабдуллин – 110 жыл![]()
5 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың даңқты батыры, академик-жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған «Ғұлама тұлға, ғибратты ғұмыр» атты портрет кеші өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Мәлік Ғабдуллиннің ерлікке толы өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оның батырлық бейнесі арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылар мәтін бөліктеріне ат қойып, мазмұнын әсерлі жеткізу, ойды жүйелі айту дағдыларын дамытты.
Кеш барысында батырдың портреті, өмірі мен еңбектеріне арналған кітап көрмесі таныстырылып, оқушылар тарихи мағлұматтармен бөлісті. Шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, тұлғаның ерлік жолын дәріптеуге бағытталды.


KZ

