Skip to content

Кітапхана – күн шуағы білімнің

«Кітапхана – күн шуағы білімнің»
Баутин ауылдық кітапханасында Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға Мұңалова Күлән мектебінің 5-сынып оқушылары қатысып, кітап әлеміне қызықты саяхат жасады. Оқушылар кітапханамен танысып, түрлі жанрдағы кітаптармен жақынырақ танысты.
Танымдық ойындар мен сұрақ-жауап кезеңдері ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытты.
Шараның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.