“Педагогикалық-психологиялық қолдау” шығармашылық тобының апталығы аясында оқушылар мен педагогтарға арналған «Кофемен сурет салу» шеберлік сағаты өткізілді.
Шара барысында қатысушылар ерекше сурет салу техникасымен танысып, кофенің көмегімен шығармашылық жұмыстар орындады. Шеберлік сағаты қатысушылардың қиялын дамытып, эстетикалық талғамын арттыруға, шығармашылық шабыт сыйлауға бағытталды.
Қатысушылар өздерінің қызығушылықтарын танытып, ерекше әсерге бөленді.
Шараны ұйымдастырушы: көркем еңбек пәні мұғалімі Сағындықова Тілекжан Оразғалиқызы


KZ
