Құрметті аяулы аналар!
Сіздерді бүгінгі шуақты мереке — Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана деген – таусылмайтын төзім, сарқылмайтын мейірім.
Ана деген – баласының қабағынан көңіл-күйін танитын ең жақын дос, қиналғанда пана болатын мейірімді жан.
Барша аналар қауымы, сіздердің әрқайсыңыздың отбасының берекесін кіргізіп, ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбектеріңіз ең үлкен құрметке лайық. Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден көктем кетпесін. Балаларыңыздың қызығына тоймай, амандығын тілеп жүре беріңіздер!
Аналар күні құтты болсын!
Құрметпен, А.М.Горький атындағы мектеп-лицей директоры Ниязбаева Жарасхан Жанкейқызы

KZ
