Skip to content

Құрметті ұстаздар, аяулы ата-аналар және қымбатты оқушылар!

Құрметті ұстаздар, аяулы ата-аналар және қымбатты оқушылар!
Сіздерді бүгінгі ерекше мағыналы әрі жарқын мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген даналық сөз бар. Баланы тұлға етіп қалыптастыруда отбасы – алтын бесік болса, мектеп – сол тұлғаның қанатын қатайтып, қияға ұшыратын үлкен өмір мектебі. Сондықтан отбасы мен мектеп – бала болашағын бірге тұлғалайтын, мақсаты ортақ, мүддесі бір, егіз ұғым.
Балаларымыздың бойына адамгершілік, еңбекқорлық және ұлттық құндылықтарды қатар сіңіруде мектебімізбен әрдайым бір толқында болып, үлкен қолдау көрсетіп келе жатқан әрбір ата-анаға ерекше алғысымды білдіремін.
Құрметпен: А.М.Горький атындағы мектеп-лицей директоры Ниязбаева Жарасхан Жанкейқызы