Республика күніне орай жастарды спортқа баулу, әскери дайындыққа шақыру, оларды елін, жерін, өз Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары мен студенттер арасында “Сарбаз рухы – ел рухы” тақырыбында әскери-патриоттық сайыс өткізілді.
Саптық дайындық, автоматты уақыт жылдамдығына сай шашып-жинау, жарақаттанған адамға алғашқы көмек көрсету, патриоттық әндер айту кезеңдері бойынша сынға түскен топтар сайыс барысында шапшаңдығымен, ауызбіршіліктерімен, тапқырлықтарымен көзге түсті.
Нәтижесінде мектебіміздің командасы 1-орынға, команда құрамындағы 10-сынып оқушысы Тұржанов Сабыржан “Ең үздік командир” номинациясымен марапатталды.
Жетекшісі: Таспаев Жоламан Тұржанұлы
KZ

