Бейбіт өмір мен тәуелсіздіктің іргетасын қалаған ардагерлердің ерлігі – бүгінгі ұрпақ үшін теңдессіз үлгі.
Бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Баутино ауылының тұрғыны, тыл ардагері Бегжанова Рахимбибі анамызды мектеп-лицейіміздің ұжымы арнайы құттықтап, ерен еңбегі үшін алғыс білдірді.
Анамызға аудан әкімі Е.Күмісқалиевтің құттықтау хаты табысталып, ұжымымыз атынан тәттілер мен жемістер салынған сый-қоржын ұсынылды.
Кездесу барысында анамыз жүрекжарды тілегін айтып, ақ батасын берді. Ардақты ананың өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі – жас ұрпаққа үлкен тәрбие, рухани құндылықтың жарқын үлгісі.

KZ
