Мектебімізде 3-сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті журналым» тақырыбында журналмен таныстыру сағаты өткізілді.
Іс-шараны мектеп кітапханашысы Канжан Гүлшара ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті журналдарын таныстырып, олардың мазмұны, қызықты айдарлары мен танымдық ерекшеліктері туралы айтып берді. Балалар журнал оқудың маңыздылығын түсініп, өз ойларымен бөлісті.
Мақсаты – оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру және бос уақытын тиімді өткізуге баулу.
Іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті.


KZ
