Skip to content

Places around us

Ағылшын тілі апталығы аясында Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Елемесова Ақбаян Ерланқызы 4 «А» сыныбында «Places around us» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар ағылшын тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білді. Ұйымшылдықпен топтық жұмыстар орындап, ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Әсіресе, балалардың қызығушылығы мен шығармашылығы сабақтың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.
Сабақ өте танымды, әсерлі әрі креативті түрде өтті. Оқушылар жаңа білім алып қана қоймай, өздерінің тілдік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.