Skip to content

«Суды үнемде – болашақты сақта»

«Суды үнемде – болашақты сақта»
Аталған жоба аясында су ресурстарын үнемдеу тақырыбында республикалық экологиялық сағат ашық онлайн-форматта жоғары деңгейде өткізілді.
Экологиялық сағатқа 10–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері белсене қатысып, су үнемдеудің маңыздылығы, табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, су – тіршілік көзі екенін терең түсініп, оны ұқыпты пайдалану қажеттігін атап өтті.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сана қалыптастыруға үлкен үлес қосады.