Skip to content

Тарих тағылымы — ұрпаққа аманат

Кеше мектебімізде аудандық Тарих және Құқық пәндері мұғалімдері қауымдастығының қатысуымен «Тарих тағылымы — ұрпаққа аманат» атты тарихи кітап оқу конференциясы жоғары деңгейде өтті.
Бұл шара жай ғана басқосу емес, өткен мен бүгінді сабақтастырған, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған рухани кеш болды. Конференция барысында педагогтар бірнеше маңызды бағыт бойынша жұмыс жасады.
Кітап — сарқылмас қазына: Тарихи туындылардың мазмұнына терең талдау жасалып, кітап оқудың маңыздылығы талқыланды.
Тәжірибе алаңы: Ұстаздар өздерінің әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, кәсіби шеберліктері ортаға салды.
«QAZAQ QUIZ»: Конференцияның ең қызықты бөлімі — білім мен жылдамдықты ұштастырған зияткерлік ойын болды.
«QAZAQ QUIZ» зияткерлік додасының нәтижесі:
1-орын — Ғ. Айдаров атындағы мектеп-лицейі;
2-орын — Сайын Шапағатов атындағы мектеп-гимназиясы;
3-орын — Ж. Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы.
Жеңіске жеткен мектептер Түпқараған аудандық оқу-әдістемелік орталығының Алғыстарымен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Мұндай шаралар ұстаздардың біліктілігін арттырып қана қоймай, әріптестік байланысты нығайта түсері анық.
Конференцияны ұйымдастырушылар: мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері.