22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай мектебімізде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған шараға мектеп оқушылары мен қызметкерлері белсенді қатысып, аула аумағын тазалау, қоршаған ортаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
Табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті. Осындай игі істер арқылы біз қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастырамыз.
KZ
