Skip to content

Туберкулез апталығы аясында мектеп мейірбикесі бастауыш сынып оқушыларына арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

🔷️Оқушыларға туберкулез ауруы туралы қарапайым әрі түсінікті мәлімет беру, аурудың алдын алу жолдарын үйрету және жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған жұмыстар барысында мейірбике туберкулездің белгілері, жұғу жолдары, сақтану шаралары және дер кезінде дәрігерге қаралудың маңызы туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, оқушыларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, тақырыпқа сәйкес бейнематериалдар көрсетілді. Бейнероликтер арқылы балалар туберкулездің алдын алу жолдарын жақсырақ түсініп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігін ұғынды.

Іс-шара соңында оқушылар сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Өткізілген жұмыстар бастауыш сынып оқушыларының денсаулық туралы білімдерін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталды.