Skip to content

Түлектердің ағаш егу

«Түлектердің ағаш егу» облыстық акциясы аясында мектебіміздің түлектері игі іске атсалысып, мектеп ауласына 15 түп ағаш отырғызды. Бұл шара — білім берген мектепке деген құрмет пен қоршаған ортаға жанашырлықтың жарқын көрінісі.

Түлектердің бұл бастамасы жас ұрпақты табиғатты аялауға, туған жерді көркейтуге тәрбиелейді. Егілген әрбір көшет — болашаққа қалдырылған өнегелі із, мектеп пен түлектер арасындағы байланыстың белгісі.

Жетекшілік еткен: география пәні мұғалімі Нәубетова Нұрида Ерсайынқызы