Бүгін мектебімізде игі дәстүр жалғасын тапты. «Түлектердің ағаш егуі» акциясы аясында биылғы түлектеріміз мектеп ауласына 15 түп тал екті.
Бұл мектепке деген алғыстың, табиғатқа деген қамқорлықтың және болашаққа деген сенімнің белгісі.
Түлектеріміздің есімі осы жас шыбықтармен бірге өсіп, мектеп тарихында қала бермек.
KZ
