Skip to content

ҰБТ-ға дайындалу кезеңінде 11-сынып оқушылары мен ата – аналарына педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету және мамандық таңдау, қорытынды Аттестаттау,  ҰБТ тапсыруға бағыт-бағдар беру мақсатында ата-аналар мен 11-сынып оқушыларының қатысуымен жиналыс өткізілді.

Мектеп психологы Светлана Қошмұратқызы ата-ана мен бала арасында эмоционалды қарым-қатынасты нығайта отырып, балаға ата-ана тарапынан қолдау мен сенімділік беруге бағытталған психологиялық тренинг өткізді.

Бейіндік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Шұғыла Қойбағарқызы 11-сынып оқушылары мен ата-аналарын қорытынды Аттестаттау мен ҰБТ тапсыру форматы ережелерімен таныстырды.

Кәсіби бағдар беру маманы Булеева Айгерим Аманбайқызы 2025-2026 оқу жылына бөлінген мемлекеттік гранттар туралы ақпарат берді.

Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, кері байланыс жасалды.