Кәсіби бағдар беру бағытында мектебіміздің 3-4 сынып оқушылары арасында “Кәсіпкерлікке алғашқы қадам” байқауы өтті.
Байқау барысында оқушылар өздеріне ұнайтын кәсіп түрлеріне макеттер жасап, қосымша ақпараттармен бөлісті.
Белсенді қатысқан оқушылар үшін бұл шара жоғары деңгейде өтті.
Бала үшін көмегін аямай, қолдау білдірген ата-аналарымызға мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
Бүгін мектебімізде Кәсіптік бағдар беру маманы Аманбайқызы Айгерім 10-сынып оқушыларына құқық саласындағы мамандықтар мен оқу орындары тақырыбында кездесу өтті.
Шара барысында оқушыларға прокурор, адвокат, судья, полиция қызметлері және басқа да құқық қорғау саласындағы мамандықтар туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Қазақстандағы құқық мамандығы бойынша оқу орындары таныстырылып, мамандар оқушыларға кәсіби жол таңдауда кеңестер берілді.
Кездесу барысында оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.
Бұл шара оқушылардың құқық саласына қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт береді деп сенеміз.


1-2 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған “Мамандық әлеміндегі кейіпкер” видео сайыс
KZ
