Skip to content

Мектеп психологі

Ата-аналар қауымдастығымен бірлескен жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, тақырыпқа сай ақпараттар берілуде.
Басты мақсатымыз – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәрбие бағытын күшейту. Осыған орай зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру және алдын алу бойынша жұмыстар жасалды.
Сонымен қатар, мектеп психологі Адиетова Светлана “Отбасы құндылығы” тақырыбында тренинг жүргізіп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты орнатты.
Осы шара барысында, жасөспірімдерге құпия түрде кеңес беретін «Достық кабинеттерін» ашу мәселесі сөз болды. Бұл – балалардың өз мәселесін еркін айтып, мамандардан көмек алуына үлкен мүмкіндік.

“Педагогикалық-психологиялық қолдау” шығармашылық тобының апталығы аясында
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың ата-аналары, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің қатысуымен “Бақытты ана – бақытты бала” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Мектеп логопеді Мендиханова Алтынай Узганбаевна
“Сенсорлы интеграция – баланың мектеп жетістігі мен сөйлеу дамуының іргетасы” тренингінде ата-аналар мен педагогтарға баланың жетістігі мен сөйлеу дамуының іргетасы сенсорлы интеграциядан басталатынын түсіндіре отырып, тәжірибе жүзінде көрсетсе, мектеп психологы Адиетова Светлана Қошмұратқызы “Ата-ана мен педагог жетістігі: баланы ортақ қолдау” тренингінде ата-аналар мен педагогтарға психологиялық қолдау беріп, баланы бірге қолдауға шақырды.